23:00, 01 Ақпан 2023 | GMT +5
Ресейге пияз апара жатқан 24 көлік шекарадан қайтарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат – БҚО шекарасында Ресейге пияз алып өтпек болған 24 көлік анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
«Бүгін Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» өткізу пунктіне келген АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының м.а. тиісті түсініктеме берді. Кәсіпкерлер бұл мәселеге қатысты оң жауап берді. Нәтижесінде пияз тиелген 24 автокөлік Түркістан облысына оралды. Қазір «Сырым» өткізу бекетіндегі жағдай тұрақтандырылды», - делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетсек, 28 қаңтарда Қазақстанда пиязды ел аумағынан әкетуге үш айға тыйым салынды. Бұл үшінші елдердің отандық көкөністерге деген сұранысына байланысты туындады. Сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин еліміздегі пияз шектеулеріне қатысты түсінік берді.