Ресейге ұшып баратын қазақстандықтардан ПТР анықтама талап етпейді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ресейге ұшақпен баратын қазақстандықтарға қойылатын ПТР-сынағы туралы талап алынып тасталды. Бұл ақпарат Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің Telegram арнасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейге ұшып баратын қазақстандықтардан ПТР анықтама талап етпейді

«Роспотребнадзордың қаулысына сәйкес Ресейге келетін шетелдіктердің, оның ішінде Қазақстан азаматтарынан коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР тестінің нәтижесін ұсыну туралы талап жойылды. 2022 жылғы 1 сәуірден бастап Ресейге құрлықтағы өткізу пунктері арқылы кірген кезде Қазақстан азаматтары үшін теріс ПТР сынағы алынып тасталған болатын», - делінген елшілік ақпаратында.

Таратылған мәліметке қарағанда, енді Ресейге келгендер тек тиісті сауалнаманы толтыруы керек.

Аталған қаулыға сәйкес, Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін барлық өткізу пунктерінде коронавирусқа іріктеп сынақ алу тәжірибесі ұйымдастырылады.