Ресейге заңсыз 20 тонна хром асырмақ болған адам ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысындағы Ресейге шығатын «Әлімбет - авто» бақылау-өткізу бекетінің шекара жасағы шекаралық тексеру барысында Камиль есімді Қазақстан азаматын ұстауға мәжбүр болды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ-ның баспасөз қызметі.
Аталған азамат «ДАГ» жүк көлігіне тиелген, салмағы 20 тонна болатын «төменгі көміртекті хром» затына қатысты ілестірме құжаттарын көрсете алмады.
Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 188-бабының 1-тармағы бойынша (ұрлық, бөтеннің затын қымқыру) Ақпаратты тіркеу журналына тіркеліп, Ақтөбе қалалық ішкі істер бөліміне жолданды.