Ресейлік 11 жеңіл атлет Бейжің Олимпиадасында допинг қолдануда күдікті деп танылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжіңде 2008 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының қайта тексерілген допинг сынақтары оң нәтиже көрсеткен қатысушылардың арасында ресейлік 11 жеңіл атлет бар, деп хабарлайды sovsport.ru.
Тыйым салынған препараттарды қолданған спортшылардың есімдері әзірге хабарланбай отыр.
«Спортфакт» берген ақпаратқа сәйкес, олардың арасында ресейлік 11 жеңіл атлет бар: соның ішінде 10 адам жүгіру ережелерінде, және тағы біреуі секіруден қатысқан.
Еске сала кетейік, жеңіл атлетикадан Ресей құрамасы халықаралық жарыстардан WADA тәуелсіз комиссияның баяндамасынан кейін шеттетілді. 17 маусымда Венада IAAF кеңесінде ресейліктердің 2016 жылғы Олимпиада қатысу-қатыспау мәселесі шешіледі. Ойындар 5-21 тамыз күндері аралығында Рио-де-Жанейрода өтеді.