17:27, 15 Сәуір 2011 | GMT +5
Ресейлік 15 жасар миллионер Forbes журналының тізіміне ілінді
АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Forbes журналының тізіміне ілінген ауқаттылардың орта жасы - 49,5. Сонымен бірге тiзiмнiң ең жас өкілі - "Альянс тобының" тең иемденушісі, 15 жасар Дени Бажаев болып шықты. Оның әл-ауқаты 900 миллион долларға бағаланды.
Forbes журналы Ресейдің 200 бай бизнесмендерінің рейтингісін жасады, олардың жалпы жиған-тергендері $500 миллиардқа таяды. Сонымен бірге доллармен есептелетін миллиардерлердің саны бір жыл ішінде бір жарым есеге - 62-ден 101-ге дейін көбейді, деп жазады Утро.ru.