Ресейлік 6 зілтемірші допинг салдарынан спорттан шеттетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Ауыр атлетика федерациясы Допингке қарсы тәртіптік комитеттің шешімі негізінде алты ауыр атлетті спорттан шеттету жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Ресейлік 6 зілтемірші допинг салдарынан спорттан шеттетілді

Ресейлік допингке қарсы агенттік сайтында жарияланған ақпаратта, спортшы Лариса Кобелева төрт жылға, Егор Иванов пен Амина Масхадова - допингке қарсы ережені екі рет бұзғаны үшін сегіз жылға, Ксения Коломиец пен Антон Котляров төрт жылға, Надежда Овчинникова екі жылға спорттан шеттетілді.