Ресейлік «Аэрофлот» Қазақстанға қайтадан ұша бастайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Аэрофлот әуекомпаниясы еліміздің бірнеше қаласына тұрақты әуе рейстерін қайта іске қосады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

1 ақпанда Аэрофлоттың Airbus A320 ұшақтары Астана, Алматы және Атырауға қатынауды қайта бастайды. Билеттер ашық сатылымға шықты.

Аталған авиакомпания елордаға күнделікті екі рейс, Алматыға үш рейс және Атырауға басында екі рейс, наурыздан бастап тағы бір рейс қосуды жоспарлап отыр.

Ақпанға дейін Мәскеуден Қазақстан қалаларына әуе қатынасын «Россия» (Аэрофлот тобы) компаниясы жүзеге асырады.

Әуе рейстері кестесімен Аэрофлот компаниясының сайтында танысуға болады.

Билеттерді брондау және сатып алу ресми сайт, мобильді қосымша, ақпарат және брондау орталығының тәулік бойғы телефондары арқылы: +7-495-223-5555 (Мәскеу), 8-800-444-5555 (Ресейге қоңырау шалу тегін), *555 (ұялы телефондар үшін) қызмет алу мүмкіндігін бар.

Одан бөлек, авиакомпанияның жеке сату кеңселері мен агенттерге жүгінуге болады.

Аэрофлот - Ресейдегі ең ірі әуекомпания. Оның құрамына «Россия» және «Победа» компаниялары кіреді.


Фото: aeroflot.ru

Соңғы жаңалықтар