Ресейлік актер Андрей Панин дүниеден озды

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Мәскеудің оңтүстік-батысында орналасқан пәтерде Андрей Паниннің мәйіті табылды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Ресейлік актер Андрей Панин дүниеден озды

Оқиға орнында жедел-іздестіру тобы жұмыс істеуде. Олар орын алған оқиғаның барлық жағдайын анықтауда.

Марқұм болған Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Андрей Панин 50 жаста болған еді.

Ол көрермен қауымға Максим Пежемскийдің «Мама, не горюй», Денис Евстигнеевтің «Мама» фильмдері, «Каменская» және «Граница. Таежный роман», «Бригада» сынды телехикаялар арқылы танымал.