Ресейлік актер Иван Урганттың шешесі тұмаудан қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласында белгілі тележүргізуші Иван Урганттың шешесі, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Валерия Кисилева 64 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды LifeNews.

Ресейлік актер Иван Урганттың шешесі тұмаудан қайтыс болды

Ақпарат көзінің хабарлауынша, Валерия Кисилева қайтыс боларының алдында тұмау жұқтырған. Алайда, ол дәрігерлерге қаралмай, үйде емделген көрінеді. Полицияның хабарлауынша, ол қосымша адам ағзасын тазартатын дәрі-дәрмектер де қабылдаған.