Ресейлік актер Вячеслав Невинный дүниеден озды

МӘСКЕУ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат – Мәскеуде өмірінің 75-ші жылында танымал актер Вячеслав Невинный дүниеден озды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Актер ұзақ уақыттан бері сырқат болатын, ол қант диабетінің ауыр түрімен ауырып келген. Вячеслав Михайлович Невинный 1934 жылы қарашаның 30-ында Тула қаласында дүниеге келген. Актер халыққа МХАТ театрындағы - "Ревизор" (Хлестаков), "Без вины виноватые" (Шмага), "Дульсинея Тобосская" (Альдонсаның болашақ жұбайы), "Последние" (Якорев), "Старый Новый Год" (Петр), "Иванов" (Боркин), "Утиная охота" (Саяпин), "Чайка" (Шамраев), "Дядя Ваня" (Телегин), "Вишневый сад" (Епиходов), "Горе от ума" (Фамусов), "Борис Годунов" (Варлаам), "И свет во тьме светит?" (Герасим әкей), "Мишин юбилей" (Петрович), "Женитьба" (Яичница) рөлдерімен және "Испытательный срок", "Председатель", "Руслан и Людмила", "Гараж", "За спичками","Не может быть","Гостья из будущего", "Мертвые души" сияқты кинофильмдердегі рөлдерімен танымал.
Соңғы жаңалықтар
Референдум