Ресейлік алты жеңіл атлет Олимпиада медальдарынан айырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лозаннада (Швейцария) спорттық төрелік соты допингке байланысты Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы қауымдастығының апелляциясын қанағаттандырды, ресейлік алты спортшының Олимпиадалық ойындар мен әлем чемпионаттарында алған медальдарының күші жойылды. Шешім сот сайтында хабарланды.

Ресейлік алты жеңіл атлет Олимпиада медальдарынан айырылды

Осылайша, Сергей Кирдяпкин Лондонда өткен Олимпиадалық ойыннан алған алтын медалінен айырылды. CAS спортшының 2009 жылғы 20 тамыздан бастап 2012 жылғы 15 қазанға дейін алған барлық нәтижелерінің күшін жою туралы шешім шығарды.

CAS шешімі бойынша, Ольга Каниськина Лондондағы Олимпиаданың күміс медалінен және Барселонада Еуропа-2010 чемпионатында алған алтынынан айырылды. 2009 жылғы 15 тамыздан бастап 2012 жылғы 15 қазан аралығындағы барлық нәтижелерінің күші жойылды.

Сергей Бакулин Тэгудегі 2011 жылғы әлем чемпионатының алтын медалінен айырылды. Оның 2011 жылғы 28 ақпаннан бастап, 2012 жылғы 24 желтоқсанға дейінгі нәтижелері жоққа шығарылды.

Валерий Борчин Берлинде өткен 2009 жылғы әлем чемпионаттары мен 2011 жылғы Тэгудағы алтын медальдарынан айырылды. Владимир Канайкин 2011 жылғы әлем чемпионатындағы күміс медалінен айырылды. Юлия Зарипова 2011-ӘЧ алтын медалінен айырылды.

Сот шешімі соңғы әрі нақты шешім, қайта қаралмайды.