Ресейлік-америкалық экипаж ұзаққа ұшудан рекорд орнатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік Леонид Тюхтяев пен америкалық Трой Брэдли әуе шарымен ұзаққа ұшудан әлемдік рекорд орнатты.

Ресейлік-америкалық экипаж ұзаққа ұшудан рекорд орнатты

"Екі бүркіт" (Two Eagles) әуе шарының пилоттары Тынық мұхиттың үстінен 8 мың 495 шақырым ұшып өтіп, бұдан бұрынғы көрсеткіштен 82 шақырымға асып түсті, деп хабарлайды РИА Новости.