Ресейлік әнші Г. Лепс есірткі саудасымен айналысады
АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Қаржы министрлігі ресейлік әнші Григорий Лепске қарсы санкция енгізді. Әншіге Brothers' Circle қылмыстық тобы басшыларымен байланысы бар деген күдік келіп отыр, деп жазады «Алаш айнасы» республикалық басылымы.
Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ шетелдің алты азаматы мен төрт компаниясына санкция енгізген. Қылмыстық ұйымға қатысы бар делінгендердің төртеуі - ресейлік Г.Лепс - солардың бірі. Америкалық құзырлы органдардың мәліметінше, Brothers' Circle, негізінен, есірткі саудасымен айналысады және оны посткеңестік кеңістік елдерінің қылмыстық топтары бақылап отырады. АҚШ үкіметінің өкілі Джон Салливанның айтуынша, ресейлік музыкант осы мафияның жетекшісі Владислав Леонтьевке қызмет еткен. Әртістің өкілі болса, бұл мәлімдемені сандырақ деп санайтынын айтты. Айта кетейік, Г.Лепс ресейлік ең бай музыканттардың бірі саналады. Былтыр оның бір жылдық табысы 15 млн доллар болған.