Ресейлік атақты актер Вячеслав Тихонов дүниеден өтті
Бұл туралы ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Вячеслав Тихонов 1928 жылы ақпанның 8-інде Павлов Посад қаласында (Мәскеу облысы) дүниеге келді. Қарапайым еңбеккерлер болған ата-анасынан жасырын бала шағынан киноактер болуға құмартты.
Бүкілодақтық кинематография институтында профессор Борис Бибиковтің курсында оқып, алғашқы дебют ретінде Сергей Герасимовтің «Жас гвардия» фильмінде Володя Осьмухиннің рөлінде ойнады. 1950 жылы институтты үздік бітіріп, театр-студия актер болып еңбек жолын бастады.
Ол көптеген фильмдерде ондаған рөлдерді сомдады. 1970 жылы «Дүйсенбіге дейін аман болайық» фильмі үшін Мемлекеттік сыйлықпен, ал 1978 жылы «Көктемнің он жеті сәті» көпсериялы фильміне қатысқаны үшін РСФСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 1980 жылы оған «Ақ Бим Қара Құлақ» фильміне қатысқаны үшін Лениндік сыйлықтың лауреаты атанды.
Тихонов Сергей Герасимов пен Сергей Бондарчук, Станислав Ростоцкий мен Михаил Швейцер, Никита Михалков пен Эльдар Рязанов сияқты отандық кинематография шеберлерімен шығармашылық қарым-қатынаста болды.
2008 жылғы ақпанда актер 80 жасқа толуына орай Құрмет орденімен марапатталды.