Ресейлік атақты кинорежиссер Андрей Кончаловскийдің қызы әлі есін жиған жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік атақты кинорежиссер Андрей Кончаловский мен Юлия Высоцкаяның қызы - Мария Михалкова-Кончаловская әлі есін жиған жоқ, деп хабарлады www.baltpp.ru.
Дәрігерлердің мәлімдеуінше, оған оянуы үшін седативтік препараттарды берудің дозасы азайтылуда. Мамандардың айтуынша, бұл процесс ұзаққа созылатындықтан, оған әзірге қандай да бір болжам жасау әлі ерте.
Қазір Маша Францияның Марсель қаласындағы клиникалардың бірінде жатыр. Осында, Юлия Высоцкая мен Андрей Кончаловский қыздарының қасында болу үшін пәтер жалдап тұр. Машаның емдеу ақысын төлеу үшін Юлия кулинарлық шеберлік сабақтарын өткізуде, ал Кончаловский жаңа фильм түсіруге кірісті.
Еске сала кетейік, өткен жылы 12 қазанда Андрей Кончаловский «Мерседес» автомашинасын айдап келе жатып, қарсы келе жатқан машинамен бетпе-бет соқтығысты. Бұл жол-көлік оқиғасында 14 жастағы Маша елеулі зақым алды. Кейбір мәліметтер бойынша, ол қауіпсіздік белгісін тақпаған.
Ресейлік ақпарат құралдары Маша Кончаловскаяның денсаулық жағдайы туралы күн сайын жедел ақпарат беруде.