Ресейлік әйел Атырауда тұратын туған әпкесімен 40 жылдан кейін кездесті
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Ресейлік әйел Атырауда тұратын туысымен 40 жылдан кейін кездесті. Оған туысын табуына полицейлер көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 12 ақпанда Ресей Федерациясының тұрғыны туысын табуға көмек сұраған.
«Ресейдің Санкт-Петербург қаласында 1947 жылғы әйел 40 жыл көрмеген туысын іздеп, Атырауға келген. Алайда, ол туысын таба алмаған. Сол себептен полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінді. Осыған байланысты Атырау қалалық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары, полиция майоры Самалбек Бегалиев пен полиция капитаны Арон Кенжебекұлы жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп, Ресейден келген әйелдің туыстарын тауып берді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Туысымен кездескен ресейлік әйел полиция қызметкерлерінің жедел әрекетіне ризашылығын білдірді.
Оны жазбаша түрде облыстық полиция департаментіне жолдаған.
«Атырау қаласында туған апам тұратын еді. Бір-бірімізді 40 жыл бойы көрген жоқпыз. Бауырға деген сағыныштың жөні бөлек. Сағынышты бетпе-бет кездеспей басу мүмкін емес. Сол себептен, апамды іздеп, Атырауға келдім. Алайда, оның тұратын мекенжайын білмей, әбден ждткерлері жедел әрекет етіп, менің туыстарымның мекенжайын тауып, олармен кездестірді. Шетел азаматы болсам да олар менің өтінішіме атүсті қарамай, өздерінің кәсіби міндетін адал атқаратына куә болдым. Шарасыз жанға қол ұшын созған полиция қызметкерлерінің жұмысына ризашылығымды білдіремін», -деді туыстарымен кездескен Ресей Федерациясының тұрғыны.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жоғалған қырғыз қызы 11 жылдан кейін табылғанын хабарлаған едік.
Фото: polisia.kz