Ресейлік азамат шекарадан 3 млн рубльді шұлығына тығып өтпек болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ азаматы шұлығына бес мың купюралық 3 млн рубльді тығып, оны ресей-қытай шекарасы арқылы алып өтпек болған.

  Ресейлік азамат шекарадан 3 млн рубльді шұлығына тығып өтпек болған

Кеден қызметкерлері банкноттарды тәркіледі. Тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады ТАСС-қа бүгін Чита кеденінің баспасөз қызметі.

«Забайкалье халықаралық автомобиль рұқсат беру пунктінде жеке кедендік тексеру барысында азаматтың аяғына киген шұлығынан 5 мыңдық 600 купюра табылды. Оның жалпы сомасы 3 млн рубльді құраған», - деп атап өтеді ведомстводан.