Ресейлік азаматтан Владимир Путиннің атына берілген жалған жүргізуші куәлігі табылды
АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Латвияның Жол қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің мәлімдеуінше, Германияда ресейлік азаматтан тәркіленген Владимир Путиннің аты-жөні көрсетілген латвиялық жүргізуші куәлігі жалған. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Утро.ру хабарлады.
Сәрсенбі күні бірқатар неміс және австриялық газеттер Оңтүстік Бавария аймағында 27 жасар жолаушыдан Владимир Путиннің атына берілген және ішінде РФ президентінің суреті бар жүргізуші куәлігі табылғаны жөнінде жарысып жазған болатын.