Ресейлік БАҚ Геннадий Головкинді «Жыл чемпионы» атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - BoxingPlanet.ru 2015 жылды қорытындылауда. Бұл жолы сайт редакциясы 365 күн ішіндегі ең үздік чемпионды анықтамақ ниетте. Бұл тізімге үміткерлер қатары көп болғанымен, арасынан үздік үшеуі анықталды. Олар - Флойд Мейвезер (49-0, 26 KO), Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) және Сергей Ковалев (28-0-1, 25 КО).
None
None

2015 жылы Геннадий америкалық боксшы Кіші Вилли Монро мен британдық Мартин Мюрреймен жұдырықтасқан болатын. Бұл жекпе-жектерде жерлесіміз қарсыластарын тізе бүктірген еді. Бүгінде GGG - WBA/IBF/IBO/WBC (Interium) белдіктерінің иегері. Сондай-ақ мексикалық Сауль Альварестің еншісіндегі WBC белдігінің міндетті үміткері болып саналады. Егер аталған тартыста Головкин басым түссе, өзінің салмақ категориясында абсолютті чемпион атанады, деп жазады sports.kz.

Соңғы жаңалықтар