Ресейлік БАҚ: «Головкиннен оның дивизионындағылардың барлығы қорқады»
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік Sports.ru сайты 2014 жылды қорытындылай келе және 2015 жылдың алдағы бес айына болжам жасап, WBA/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинді «жыл боксшысы» деп атады.
«Жыл боксшысы: Геннадий GGG Головкин. Одан дивизионындағылардың барлығы қорқады, ол мексикалық стильде билейді, UFC үздік адамдар онымен достасқысы келеді, ол жылына 2 реттен астам жекпе-жекке шығады, әзірге карьерасымен қоштаспайтын сияқты», - деп жазды материал авторы.
Бұл туралы sports.kz хабарлады.