Ресейлік балетмейстер Ковтун қазақстандық студенттерге шеберлік сыныбын өткізді
Георгий Ковтун Кеңес одағы мен шет елдік театрларда 20 жылдық тәжірибесі бар маман. Екі күнге созылған шеберлік класында студенттер классикалық бидің режиссурасы, драматургиясы және композициясы негіздері туралы білімдерін толықтырды.
Академияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, балетмейстер курс соңында өзінің шығармашылығын жаңа бастағандарға қателіктерді жібермеу, ұжыммен қалай дұрыс жұмыс жасау керектігі туралы құпияларымен бөлісті. Георгий Анатольевичтің пікірінше, оқуын толық тәмәмдайтын хореограф ең алдымен білімді, кез келген балет артисінен әлдеқайда жоғары тұратын жағдайда болуы тиіс дей келе, «Адамдарды басқару үшін олардан көбірек білуге тиіссің. Басқарушы бейнелеу өнері, театр өнері, музыка өнері және т.б. өнер түрлерінің тарихын білуі тиіс» - деп атап өтті.
Одан өзге Георгий Анатольевич атап өткен нәрсе ол - әрбір артистің өз әлемі мен әлемін шытынатпай ортақ қорытындыға әкелетін хореграфтық міндеті болуы қажет. Хореограф білуге тиіс көптеген психологиялық факторлар бар. «Өзіңді суретшідей жоғары ұстауың керек, ал артистер сенің бояу құралындай болу керек» - деп сөз соңын қорытындылады.
Георгий Ковтун - балет артисі, балетмейстер, РКФСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Татарстан Республикасының халық артисі. Маринский, Михайловский театры балет артистерінің, А.Я. Ваганова атындағы Орыс балет академиясының студенттерінің, Эстрада театры және т.б. мұз айдыны балет артистерінің хореографиялық номерлерін қоюшы режиссер. Ресей және шет елдерде 300-ден астам би қойылымдарын қойған. А.Н. Мишиннің оқушыларымен мәнерлеп сырғанау бойынша хореограф қызметін атқарады.