Ресейлік басылымда Бас мүфтидің түркістандық ғалым жайындағы мақаласы жарық көрді

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Ресейдегі Еуразия мұсылмандарының тоқсан сайын шығатын «Минарет» атты қоғамдық ой-пікір журналы 2012 жылдың № 1-2 санында (61-78 беттер) Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Жизнь и духовное наследие Отрарского ученого Кавам ад-дина аль-Иткани аль-Фараби ат-Туркистани» атты көлемді мақаласын басқан.  Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Қазақстан дінбасы, ғалым-мүфти Әбсаттар қажы 30-35 жылдан бері қазақ жерінен шыққан 200-ден астам әл-Фарабилер, Таразилер, Сайрами (Исфиджаби), Сығнақи, Саурани, Женди, Түркістани, Кердери, Дулати, Қоңыратли, Наймани секілді т.б. қазақ ғылым-білімі мен рухани өмірінде үлкен із қалдырған ғұламалардың өмірі мен шығармашылығын араб, парсы, түрік жазба деректері бойынша талмай зерттеп келе жатқан ғалым.

Аталмыш мақаласында ол Түркістан маңындағы Иқанда туылған - ХІІІ ғасырдың аяғы, ХІV ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген ғалымның өмірі мен жазба мұрасы жайлы деректерді Түркия, Сирия, Мысыр, Ирактың қолжазба қорларынан тауып еліне, бүгінгі ұрпаққа жеткізіп отыр.

Бұл дүние Ресей ғалымдарын да қатты қызықтырғаны байқалады. Мақалаға жазылған редакция кіріспесінде шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазірет жайлы өте жылы пікір білдірілген. Оның 600-ден астам еңбегі бар үлкен де парасатты ғалым екенін айта отырып, журналдың көптеген беттеріне оның кітаптарының мұқабасы да беріліп отырған.

Сондай-ақ ресейліктер оны журналдың редакциялық кеңесінің мүшесі етуді де мәртебе көрген.

Соңғы жаңалықтар