Ресейлік бобслейшінің аяғы сал күйінде қалады

АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Немістің Кенигзее қаласындағы шана-бобслей трассасында 2009 жылғы қарашаның 23-інде ауыр жарақат алған ресейлік бобслейші Ирина Скворцованың оң аяғы сал күйінде қалады. Бұл 20 жасар спортшының аяғын ампутациядан аман алып қалған жағдайда да осы күйінде қалмақшы.
None
None

Скворцованың оң аяғы трассада болған апат кезінде қатты зақымданды. Спортшының аяқ тамырлары мен сіңірлері қиылып кеткен. Оған ткандарды алмастырып салу бойынша екі рет операция жасалды және дәрігерлер спортшының жағдайы жақсы деп санайды.

Соңғы жаңалықтар