Ресейлік бобслейшінің аяғына ампутация жасалатын болды
АСТАНА. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат - Дәрігерлер немістердің Кенигзе шана-бобслей трассасында апатқа ұшыраған ресейлік бобслейші Ирина Скворцованың аяғына ампутация жасау туралы шешім қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Весь спорт» агенттігінің сайтына сілтеме жасап.
Бұл жөнінде агенттікке бобслейден Ресей құрамасының бас жаттықтырушысы Владимир Любовицкий мәлім етті.
Оның айтуынша, ампутацияның қай жерден жасалатыны туралы шешім желтоқсанның 8-інде неміс хирургі Траунштайн қаласындағы ауруханаға келгеннен кейін шығарылады. Дәрігерлер ампутация спортшының өмірін сақтап қалуы мүмкін деген ұйғарымға келді, бірақ Любовицкий «мұның өзі кепілдік бермейді» деп мәлімдеді.