Ресейлік цирк елорда тұрғындарына жаңа қойылымын ұсынды

АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - "Астаналық цирк ТМД елдеріндегі ең жас цирк ошағы. Біз үшін ресейлік әріптестеріміздің Астанаға келуі үлкен қуаныш". Бүгін елордалық циркте жаңадан ашылған баспасөз орталығында болған кездесуде «Астаналық цирк» директорының міндетін атқарушы Бекболат Байсағатов осылай атап өтті,

Ресейлік цирк елорда тұрғындарына жаңа қойылымын ұсынды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біздің циркке ресейлік цирк әртістері «Жануарлар карнавалы» атты жаңа қойылымымен келіп отыр. Олар сәуірдің 18-і мен мамырдың 11-і аралығында елорда циркінің манежінде өз өнерлерін көрсетпек», - деп атап өтті директордың міндетін атқарушысы. Ресей циркі өнерінің жұлдызы Серго Самхарадзенің айтуынша, қойылымның бағдарламасында «жабайы табиғаттың хайуанаттар дүниесіндегі» қолға үйретілген буйвол, аю, маймыл, т. б. және роликтегі акробаттардың, гимнастика шеберлерінің сан қырлы өнерлері бар.Сонымен қатар мәздемдер де көрермендерге көңілді де күлкілі көріністер сыйлайтын болады.