Ресейлік цирк труппасының басшысы қарамағындағы қызметкерді өлтіргені үшін ұсталды
Сейсенбі күні қойылым барысында топтың 57 жастағы жетекшісі Руслан Персаев 2-3 рет аттан құлаған. Орын алған жағдай үшін ол өзінің 27 жастағы әріптесін Артур Аликовты айыптады. Персаевтың пікірінше, ішімдікке масайған Аликов өзі өнер көрсеткен атты қатты қамшылап отырған. Қойылым аяқталған соң, цирк мамандары тоқтаған жатақханада Персаев Аликовқа өкпесін білдіруді жалғастырған. Олардың арасында дау туып, Персаев асхана пышағымен Аликовтың кеуде қуысына екі рет сұғып алды. Алған жарақаттардан Аликов тіл тартпай кетті.
Тәртіп сақшылары адам өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, Персаевтың қолына кісен салды. Таратылған мәліметтерде айтылғандай, Персаев істеген ісіне өкініп отыр. Айта кеткен жөн, ресейлік цирк тобы 6 адамнан құралған. Олар 2012 жылдың маусымынан бері Тайваньда өнер көрсетуде.