Ресейлік Д.Лебедев Б.Шүменовты лайықты қарсылас деп атады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің танымал кәсіби боксшысы Денис Лебедев Бейбіт Шүменов пен Би Джей Флорес арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесу жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ресейлік спортшы өзінің иелігіндегі белдік үшін үміткер атағына таласатын жекпе-жекті қуана көретінін атап өтті. «Болашақта маған «жекпе-жекке дайындалуға кедергі болмауы» үшін таяу уақытта не істеу керектігін біліп отырмын», - деп қосып өтті ол.
Сондай-ақ Лебедев Шүменовпен айқас ол үшін қаншалықты қызықты екенін айтып өтті. «WBA ережелері бойынша міндетті және ерікті жекпе-жектер бар. Сондай-ақ белдіктерді біріктіру үшін айқасу мүмкіндігі бар. Ал біздің міндетіміз - бұл ережелерді сақтап, орындап отыру. Барлығы кезегімен болып отыр. Шүменов - бірінші ауыр салмақта жекпе-жекке қатысу құқығын алған лайықты қарсылас. Енді мықты боксшыны таңдап, кейін менімен жұдырықтастыру қалып отыр», - деді боксшы.