Ресейлік дәрігерлерге Хо Ши Миннің мүрдесін сақтағаны үшін алғыс білдірілді
АСТАНА. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат - Вьетнам үкіметі ресейлік ғалым-дәрігерлерге Хо Ши Миннің мүрдесін сақтағаны үшін алғыстарын білдірді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Ресей медициналық ғылымдар академиясы президиумының мүшесі, академик Владимир Ярыгин бастаған ресейлік делегация дүйсенбі күні Ханойда Вьетнам үкіметінің алғыстарын қабылдады.
Вьетнам ұлттық қорғаныс министрі Фхунг Куанг Тханның айтуынша, вьетнамдықтар елдің тұңғыш президентінің мүрдесін сақтаудағы ресейлік ғалымдардың үлестерін жоғары бағалайды. Министр Ресей ғалымдары бальзамдау бойынша вьетнамдық мамандарды даярлауға басшылық жасаған, сондай-ақ әріптестерін қажетті құрал-жабдықтармен және технологиялармен қамтамасыз еткенін атап өтті.