Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ресейлік елшіге қастандық жасалған сәттің видеосы жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда ресейлік елші Андрей Карловқа қастандық жасалған сәттің видеосы жарияланды, деп хабарлайды ria.ru.

Ресейлік елшіге қастандық жасалған сәттің  видеосы жарияланды

 Роликте Карловты баяндама жасап тұрған кезінде атқан.

Арнайы операцияның нәтижесінде  өлтірілген  қанішердің Мевлют Мерт Алтынташ екендігі аталып отыр. Ол полицияда 2,5 жыл жұмыс істеген. Ресей көшбасшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Путин мен Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоған телефон арқылы сөйлесіп, қайғылы оқиғаны талқылаған.

Олар Түркияға елшінің өлімін тексеру үшін  Ресейдің тергеушілер тобын жіберуге келіскен.  

Еске сала кетсек, Ресей елшісі 19 желтоқсан күні Анкарада «Ресей Калининградтан Камчаткаға дейін» атты көрменің ашылуында сөз сөйлеу барысында атып өлтірілді. Андрей Карлов Түркиядағы елшілік қызметіне 2013 жылдың 12 маусымында кіріскен еді.