Ресейлік эмигранттың қызы - «Америка аруы»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейден келген эмигранттың қызы, 23 жастағы Нью-Йорк штатының тұрғыны Кира Казанцева Атлантик-Ситиде өткен "Америка аруы-2015" байқауының жеңімпазы атанды.

Ресейлік эмигранттың қызы - «Америка аруы»

Хрусталь тәжді оған ағымдағы жылғы «Америка аруы» атағын иеленген Нина Давулури кигізді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Калифорнияда дүниеге келген байқау жеңімпазы соңғы жылдары Нью-Йоркте тұрып жатыр. Бойжеткен Хофстр университетінде оқиды, заңгер болуды, халықаралық құқықта мамандануды армандайды. Байқау шарттарына сәйкес ол 50 мың доллар көлемінде сыйақы алмақ.