Ресейлік Forbes Тимур Бекмамбетовті ең табысты режиссер деп атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік Forbes журналының нұсқасы бойынша Қазақстанда туып-өскен Тимур Бекмамбетов Ресейдің ең табысты режиссері болып танылды. Сәйкес рейтинг журналдың сайтында жарияланған, деп хабарлайды РИА Новости.

Ресейлік Forbes Тимур Бекмамбетовті  ең табысты режиссер деп атады

Сайтта жарияланған мәліметтерге сәйкес, көпшілікке «Түнгі шолғыншы» және «Елка» фильмдері арқылы танылған Тимур Бекмамбетовтің «Аса қауіпті» (2008) фильмі ең табысты ресейлік фильмдердің көшін бастаған, оның табысы 430 миллион долларға бағаланған.

Рейтингтің екінші қатарына «Убрать из друзей» триллерінің режиссері Леван Габриадз орналасқан, ең кассалық фильмнің үштігін Федор Бондарчуктың «Сталинград» фильмі түйіндеп тұр.