Ресейлік ғалымдар 50 миллион жылғы ДНК-ның жұмбағын шешкенін хабарлады

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Ресейлік ғалымдар Канаданың солтүстінде 50 миллион жылға жуық бұрын өскен ежелгі метасеквойя ДНК-сының құпиясын ашқанын мәлім етті, деп хабарлады «Лента.ру».

Ресейлік ғалымдар 50 миллион жылғы ДНК-ның жұмбағын шешкенін хабарлады

Ежелгі өсімдіктердің қылқан жапырақтарын петерборлық ғалымдар 15 жылға жуық уақыт бұрын алып, жылжарым уақыт бұрын Алтай мемлекеттік университетіне берген болатын. Мұнда Алтай МУ Оңтүстік-Сібір ботаникалық бағы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Максим Куцев бұл үлгілерден ДНК бөліп шығарды.

Максим Куцевтің айтуынша, РҒА-ның Санкт-Петербор ботаника институтындағы әріптестерімен және канадалық ғалымдармен бірлесіп жүргізілген тәжірибе жарияланымға әзірленуде. Әзірге ол басқа ғалымдардың пікірлерін алған жоқ.

Зерттеушілер нуклеин қышқылының кейбір фрагменттерін полимераздық тізбекті реакция көмегімен көбейтті және олардың реттілігін анықтады.  Өсімдіктердің туыстық байланыстарын талдауда қолданылатын хлорлы қабаттар мен ядролық ДНК фрагменттері таңдалып алынды. Бұл фрагменттердің реттілігі Қытайда өсетін реликтілік метасеквойя фрагменттерімен салыстырылды. Куцевтің айтуынша, олардың реттілігіндегі өзгешелігі күткендегіден аз болды Оның пікірінше, бұл кейбір түрлер эволюциясының біркелкі емес екендігін көрсетеді. Ғалымның айтуынша, бұл мәліметтер барлық тірі заттардың ДНК эволюциясының жылдамдығы бірдей деген «молекулярлық сағат» теориясының дәйексіз екенін білдіреді. Бұған дейін де көптеген ғалымдар «молекулярлық  сағат» теориясын жоққа шығарып жүргенін ресейлік БАҚ жарыса жазған болатын. Дегенмен  Ақпаратты беру проблемалары институты директорының орынбасары, биоақпаратшы Михаил Гельфанд авторлардың мәлімдемелері «әлі ертерек» және асығыс қорытынды  деген пікірін айтты.