Ресейлік ғалымдар Қазақстанның этносаралық келісім тәжірибесін кеңінен насихаттауға мүдделі

АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің жұмыс жоспары бойынша өткен «Қазақстан халқы Ассамблеясы - қоғамды ұйымдастырушы институт» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қорытынды отырысы болды,

Ресейлік ғалымдар Қазақстанның этносаралық келісім тәжірибесін кеңінен насихаттауға мүдделі
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениетаралық диалог алаңында, полиэтностық қоғамдағы азаматтық сәйкестік, Қазақстан халқын біріктіру мен ұйыстырудағы тілдің орны және Қазақстан халқы Ассамблеясының ғаламдық дағдарыс жағдайындағы қоғам ресурстарын ұйымдастырушы құрал ретіндегі рөлі бойынша өткен кеңестің төрт секциясында нақты ұсыныстар айтылып, ортақ шешімдерге қол жеткізілді. Конференцияның қорытындысы бойынша 30-ға жуық ұсыныс ортақ құжатқа енгізілмек. Сондай-ақ ғылыми мәжіліс барысында белгілі болғандай, мәслихатқа қатысқан ресейлік ғалымдар Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық келісім тәжірибесін кеңінен насихаттап, Ресей және басқа да елдердің танымал баспасөз журналдарында жариялауға мүдделі болып отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, қонференцияның қорытынды құжатына сәйкес қала және облыс ассамблеяларына және аймақтардағы ғылыми-сараптамалық құрылымдарға нақты ұсыныстар жолданатын болады.