Ресейлік ғалымдар қуатты қару ойлап тапты
АСТАНА. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат - Ресей ғалымдары қарсыластың қару-жарақ жүйесінің барлық электрондық бөлшектерін бір сәтте істен шығаратын, көлемі шағын шабаданға келетін жаңа қару ойлап тапты, жаңа қару локаторларды, түнде көретін аспаптарды, электрондық нысаналар мен ұялы байланыс құралдарын, сондай-ақ GPS жерсерік навигация қабылдағыштарын істен шығара алады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап.
Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ғылым және жоғарғы технологиялар жөніндегі кеңестің мүшесі, Ресей Ғылым академиясының академигі Владимир Фортовтың айтуынша, техниканы толық істен шығаратын да, уақытша сөндіретін де құрылғылар бар көрінеді.