Ресейлік «Ғажайыптар алаңы» бағдарламасы 20 жылдығын тойлауда
АСТАНА. Қазанның 25-і. ҚазАқпарат - Ресейлік «ВИД» телекомпаниясының алғашқы бағдарламаларының бірі - «Ғажайыптар алаңы» («Поле чудес») шоуы 1990 жылы қазанның 25-інде алғаш эфирге шыққан болатын. Бағдарлама американдық «Фортуна доңғалағы» американдық бағдарламасының баламасы болып табылады. Оның алғашқы жүргізушісі Владислав Листьев болса, 1991 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін бағдарламаны Леонид Якубович жүргізіп келеді.
«Шоу бүгінде ұлтаралық бағдарламаға айналып отыр. Біреуге ұнайтын, кейбіреулерге ұнамайтын сәулет ескерткіштері болады ғой. Сол сияқты осы бағдарлама да біздің өміріміздің, біздің мінез-құлықтарымыздың сондай ескерткішіне айналып отыр», - дейді Халықаралық телевидения және радио академиясының президенті, бағдарламаның негізін қалаушылардың бірі Анатолий Лысенко.