Ресейлік гроссмейстер Анатолий Карпов шахматтан Иранның құрамасын басқарады

АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат – Иран шахмат федерациясының шақыруы бойвынша Тегранда жүрген Ресей гроссмейстері және шахматтан әлемнің 12-ші чемпионы Анатолий Карпов осы елдің ұлттық құрамасын басқаруға келісімін берді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Iran news агенттігіне сілтеме жасап.«Карпов Иранның құрамасын басқаруға келісімін берді. Жақында ол бізге өзінің бағдарламасын таныстырады. Анатолий сондай-ақ енді келісімшарттың жай-жапсарын келісуі тиіс», - деді Иран шахмат федерациясының президенті Ибрагим Маддахи ирандық ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.
Соңғы жаңалықтар