Ресейлік Иван Савкин салмағы 512 тонна пойызды орнынан қозғады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алыс Шығыстың пауэрлифтинг және ауыр атлетика бойынша чемпионы Иван Савкин алты жүк тиелген вагонды орнынан қозғап, жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды interfax.ru.
"Теңіз маңындағы Спасск-Дальний қаласында зілтемірші Иван Савкин жалпы салмағы 512 тонна болатын алты вагонды 1 метр 60 сантиметрге қозғады. Осылайша ол жаңа рекорд орнатты, жақында «Ресей Рекордтар Кітабына» енгізіледі", - деп хабарлады акция ұйымдастырушылар.