Ресейлік кәсіпкер Леонардо ди Каприомен бірге ғарышқа ұшпақ

АСТАНА. 26 мамыр. ҚазАқпарат - Ресейлік кәсіпкер Василий Клюкин Леонардо ди Каприомен бірге ғарышқа ұшатын болды. Мұндай мүмкіндікке Монакода тұратын кәсіпкер 24 мамырда Канн кинофестивалі ауқымында өткен қайырымдылық аукционының қорытындысымен ие болды, деп хабарлады Reuters.
None
None

Бәссауданы ЖИТС-пен күрес саласындағы зерттеулермен айналысатын AmFAR ұйымы өткізді. Голливуд актерімен ғарышқа ұшудың бастапқы бағасы бір миллион еуро болды. Қорытындысында ол 1,2 млн. еуроға сатылды. Ұшу 2014 жылы болмақ, оны Virgin Galactic компаниясы ұйымдастырады.

Ди Каприомен ғарышқа ұшу мүмкіндігін сатып алу туралы түсіндірмесінде Клюкин жер орбитасына көтерілу өзінің арманы екенін айтты. Ұшар алдында ол темекі шегуді тастауы қажет. Ғарышқа ұшар алдына Клюкин мен ди Каприо (онда басқа да адамдар болады) Нью-Мексикода арнайы әзірліктен өтпек.

Соңғы жаңалықтар