Ресейлік казино Ыстықкөлге көшпек

МӘСКЕУ. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат - 2009 жылғы шілденің 1-інен бастап заңсыз болып табылатын ресейлік казино Ыстықкөл жағалауына көшуі мүмкін. Бұл жөнінде Қырғызстанның Ресейдегі елшісі Райымқұл Аттақұров мәлімдеді,

Ресейлік казино Ыстықкөлге көшпек

деп хабарлайды ҚазАқпарат Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша Қырғызстан көлдің жағалауында «Казино» деп аталатын ойын кешенінің құрылысы туралы мәселені қарастыруда.

Ыстықкөлдің жағалауында сонымен қатар, халықаралық әуежай салу жоспарланған. Оны салуға үміткерлер Мәскеу үкіметінің құрылымы және Аттақұров атын атамаған канадалық компания болып табылады.