Ресейлік оппозиция өкілі Гарри Каспаров Латвияның азаматтығын сұрап отыр

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Ресейлік оппозиция өкілі, шахматтан әлем чемпионы Гарри Каспаров ерекше еңбегі үшін азаматтық алу өтінішімен Латвия Сеймасына (Парламент) жолықты.
None
None

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, сонымен қатар Каспаров ресейлік азаматтықты сақтап қалғысы келетінін алға тартуда.

Атап айтқанда, Сейм Латвия алдындағы ерекше еңбегі үшін азаматтықты беру құқығына ие.

Биылғы маусымда Женевада саяси қайраткер Гарри Каспаров ресейлік билік тарапының қуғынынан қорқып, еліне оралудан бас тартып отырғандығын мәлімдеген болатын.

«Саяси белсенділердің қызметтеріне тексерудің жалғасуы маған да тиетіндігі түсінікті. Менің Мәскеуге оралғаннан кейін қайта кері шыға алатындығыма сенімім аз. Сондықтан да біраз уақыт Ресейге оралудан бас тарта тұрамын», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар