Ресейлік продюсерлер Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
«Менің тағдырым Қазақстанмен тікелей байланысты. Отаным болғандықтан, мен әрдайым ерекше мақтанышпен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін жақсы атап өтемін. Саналы ғұмырымның басым бөлігін Қазақстанда өткіздім, дамығанын көзбен көрдім. Нұрсұлтан Әбішұлы барлық қазақстандықтардың алдына мемлекет құру міндетін қойғаны әлі есімде. Қазақстан бұл мақсатқа қол жеткізді», - деді Бари Алибасов Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде ұйымдастырылған салтанатты қабылдау кезінде.
Продюсер білім алып, әртіс, ең бастысы адам болуына көмектескен Қазақстан халқына алғысын білдірді.Қазақстандықтарды сонымен бірге Тәуелсіздік күнімен «Муз-ТВ» музыкалық арнасының директоры Арман Давлетяров та құттықтады.
«Барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Баршаңызға бақыт, игілік және жарқын жетістіктерді тілеймін»- деп атап өтті А. Давлетьяров «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне.
Ресейде тұрып жатқан ол қазақстандықтар туралы, Қазақстан мен Назарбаев туралы өте жақсы пікірлерді жиі еститінін айтады.
«Мен өз елімнің, халқымның, тіпті тұтастай адамзаттың игілігі үшін ұлы істер тындырып жатқан Президентіміздің барын мақтан тұтамын. Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстанды осындай жоғары деңгейге көтерген ұлы саясаткер. Мен қазақ екенімді шынайы мақтан тұтамын», - деді ол.
Автор: Медет Ахметов