Ресейлік «Протон-М» зымыраны американдық «ЭкоСтар-14» жерсерігін орбитаға шығарды

БАЙҚОҢЫР. Наурыздың 22-сі. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Наурыздың 21-і, жексенбіге қараған түні, Астана уақыты бойынша сағат 0.27-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымырантасымалдағышы ұшырылды. Ол орбитаға американдық «Экостар-14» телекоммуникациялық жерсерігін алып шықты.

Ресейлік «Протон-М» зымыраны  американдық  «ЭкоСтар-14»  жерсерігін орбитаға   шығарды

Ресейдің М.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының баспасөз қызметінен хабарлағандай, ұшыру штаттық режимде өтті.

«Экостар-14» жерсерігі - «Протон» зымырантасымалдығыштары орбитаға жеткізген шетелдік ғарыш аппараттарының ең ауыры. Оның салмағы - 6300 келіден асады. Американдық Echostar жерсерік байланысы операторы үшін «Экостар-14» жерсерігін Space Systems Loral компаниясы жасаған.