Ресейлік режиссер Томирис патшайым туралы фильм түсіруді армандап жүргенін айтты

Ол бұл ойын кеше Алматыда «А»-ға оралу» (Возвращение в «А») фильмінің ауғандық ардагерлерге арналған әлеуметтік көрсетілімі кезінде білдірді.
«1998 жылдан бері Қазақстанда Томирис патшайым туралы фильм түсіруді армандап жүрмін. Мен күте білем. Оған дейін басқа біреулер де түсіруі мүмкін. Бірақ мен бәрібір өз нұсқамды жасаймын», - Егор Михалков-Кончаловский. Кинорежисаер Андрей Михалков-Кончаловский мен актриса Наталья Арынбасарованың отбасында өмірге келген ол өзін Ресейде - орыс, ал Қазақстанда - қазақпын деп таныстырады. Сондықтан анасының арғы ата-бабалары саналатын әйгілі сақ патшайымы туралы арнайы фильм түсіруді өзінің бір парызы санайды.
Біздің дәуірімізге дейінгі 570-520 жылдары өмір сүрген Тұмар (Томирис) ханша сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты патшаларының бірі. Парсының жеңілуді білмеген әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558 - 530) Орта Азияға басқыншылық жорығын тоқтатты. Әскері қиян-кескі сұрапыл шайқаста жеңіліс тапқан Кирдің өзі ұрыс даласында көз жұмады. Ал жеңімпаз Сақ ханшайымының есімі ұрпақтан-ұрпаққа аңыз боп тарап, әр дәуірде ол туралы түрлі шығармалар өмірге келген.