Ресейлік режиссер Юрий Любимов дүниеден өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде 98 жасқа қараған шағында көрнекті режиссер, Таганкадағы театрдың негізін қалаушы Юрий Любимов дүниеден өтті. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
«Юрий Петрович осы аптада ауыр жағдайда жеткізіліп, Боткин ауруханасында қайтыс болды», - деді дереккөз. «Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін істеді, алайда меңдеп кеткен сырқат бой алдырмады», - деді агенттік сұхбаттасушысы.
2 қазанда Юрий Любимов ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған болатын. 30 қыркүйекте 97 жасқа толған режиссер жүрек талмасына ұшыраған.
Юрий Любимов 1917 жылы 30 қыркүйекте дүниеге келді. Ол 1964 жылы Таганкадағы театрдың негізін қалады. Режиссер оны 20 жыл бойы, 1984 жылы КСРО азаматтығынан айырылғанша басқарды. 1989 жылы Любимов Таганканың көркемдік жетекшісі қызметіне қайта оралды.
2011 жылғы маусымда Любимов пен театр труппасының арасында Чехиядағы гастроль кезінде жанжал туындады. 2011 жылғы 15 шілдеден бері театрда жұмыс істемейді.
Кейіннен Любимов басқа театрлармен ынтымақтаса бастады. 2013 жылғы маусымда Үлкен театрда оның қоюымен «Князь Игорь» операсының премьерасы болды. 2014 жылғы 20 мамырда «Жаңа опера» театрында Любимов қойған Мольердің «Әйелдер мектебі» комедиясы бойынша опера-буфф премьерасы өтті.