Ресейлік рубль 2014 жылды доллар қарағанда 41%-ға және еурода - 34%-ға төмендеумен аяқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың қорытындысымен долларға рубль бағамы 41%-ға және еуроға - 34%-ға төмендеді, бұған Мәскеу биржасының мәліметтері дәлел.

Ресейлік  рубль 2014 жылды доллар қарағанда 41%-ға және еурода -  34%-ға төмендеумен аяқтады

Биржадағы сауда-саттықтың соңғы күнін доллар 56 рубльмен, еуро - 68,65 рубльмен аяқтады, ал 2013 жылдың соңында бұл көрсеткіштер тиісінше 32,84 рубль және 45,33 рубль болған еді, деп хабарлады РИА Новости.

Доллар мен еуроның рекордты ең жоғары көрсеткіші 16 желтоқсанда болды, онда бағам 80,1 рубль және 100,74 рубль межесіне жетті.

Рубльдің құлдырауының басты себебі бірнеше жыл бойы байқалмаған мұнай бағасының төмендеуі болды. Тағы бір маңызды фактор - украиндық дағдарыс салдарынан Ресей мен Батыстың текетресі. Мұны бірқатар сарапшылар қазірдің өзінде жаңа «қырғи-қабақ соғыс» деп атады.