Ресейлік сарапшы: Қазақстанда сайлау науқаны тұрақты жүріп жатыр

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстанда сайлау науқанының барысы тұрақты жүріп жатыр. Бұл пікірді «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Мәскеуде М. В. Ломоносов атындағы іргелі кітапханада өткен «Қазақстан жолы»: тұрақтылық пен орнықты даму факторлары» атты ғылыми конференцияда Ресей саяси конъюнктура орталығының бас директоры Сергей Михеев білдірді.

Ресейлік сарапшы: Қазақстанда сайлау науқаны тұрақты жүріп жатыр

Қазақстанда өтетін президенттік сайлау нәтижелерін болжауға қатысты С. Михеев: «Мен сарапшы ретінде жағдайды талдай отырып айтарым: Нұрсұлтан Назарбаев нөмір бірінші кандидат, оған барша қазақстандықтар сенім артады», - деп атап өтті.

«Бұл объективті шындық», - деді ол.

Сарапшы Қазақстандағы бұл жағдай толықтай демократиялық қағидаттарға жауап беретініне тоқталды, бұл ретте демократия дегеніміз орнықты даму мен сайлаушылар тарапынан қолдау табу.

«Демократия - көшбасшы жеңіске жететін шынайы даму», - деді Михеев.

Ол қазіргі ҚР Президенті жеңісінің кепілі - қазақстандықтардың оған деген сенімі екенін айтты.