Ресейлік шаңғышылар Алматыда жаттығу өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының шаңғышылары Универсиада алдында оқу-жаттығу жиындарын Алматыда өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Спринттік құрама жаңа жылды Қазақстанда өткізді. Алматы қаласында шаңғы спортына жақсы жағдай жасалған.
Спортшылар өздерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында Қазақстандағы оқу-жаттығу жиындарын өте жоғары деңгейде өткізгенін жазды. Олар тау шаңғысы курорттары мен «Медеу» мұз айдынында жаттыққан.