Ресейлік «Союз-У» зымыран-тасығышы Байқоңырдан египеттік Жерді қашықтан зондтау спутнигін орбитаға шығарды
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «EgyptSat-2» ғарыш аппаратымен «Союз-У» зымыраны ұшырылды.
Оны ұшыру 16 сәуірде мәскеу уақытымен 20 сағат 20 минутта Байқоңыр ғарыш айлағының 31-ші алаңынан жүзеге асырылды, деп хабарлады Ресейғарыш баспасөз қызметі.
Ұшыру бағдарламасына сәйкес «Egyptsat-2» ғарыш аппараты зымыран-тасығыштың үшінші сатысынан ажырап, есептелген орбитаға шығарылды.
«Союз-У» зымыран-тасығышы мен EgyptSat-2 ғарыш аппаратын С.П.Королев атындағы ресейлік зымыран-ғарыш корпорациясы жасап шығарды.
«Egyptsat-2» ғарыш аппараты - Жерді қашықтан зондтауға арналған Египеттің екінші спутнигі. Оның салмағы - 1050 килограмм, белсенді жұмыс жасау мерзімі - 11 жыл.