Ресейлiк спортшы және актер Сергей Бадюк қазақстандық атлеттер туралы фильм түсiрмек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлiк спортшы және актер Сергей Бадюк қазақстандық атлеттер туралы фильм түсiрмек.
"Қазақстан мен үшiн бөтен ел емес. Менiң мұнда туыстарым көп, зайыбым да осы жақтан болады. Менің мұнда екiншi келуiм. Шынын айтсам, барлық достарым үлкен iлтипатпен қарсы алғанда өзiмдi үйге келгендей сезiнем. Менде мұнда жанкүйерлерiм де көп. Олар ең адал, нағыз ер мiнездi жандар. Мен мұнда әлi бiрнеше фильм түсiремiн деп үмiттенемiн. Сiздерде бокста болсын, басқа да ұрыс түрлерiнде болсын, мықты спортшылар жетерлiк", - дедi ол бүгiн Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, спорттық жарыстарға қатысудан гөрi киноға түскен әлдеқайда қиын.
"Кинода әлдеқайда ауырлау. Себебi барлығын бақылауда ұстап отыру керек, өкiнiшке орай, ең ауыр жарақаттарды мен спортта емес, түсiрiлiм барысында алдым. Трюктердi жасау барысында барлығын есептеп қою мүмкiн емес. Бұл өте қиын жұмыс, әсiресе трюктерi көп жерлерде. Мен каскадер болып бастадым, миллион параметрлердi есептеу керек, оның үстiне кино үшiн әдемi жасау керек. Көрерменге экшн, әдемiлiк керек, сондықтан әдемi қойылымдар қажет", - дейдi ол.