17:47, 24 Қазан 2015 | GMT +5
Ресейлік танымал әнші Вера Брежнева продюсер Константин Меладзеге тұрмысқа шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей БАҚ-тары 33 жастағы танымал әнші Вера Брежнева мен 52 жастағы продюсер Константин Меладзе некелесті деп жазды.

Италиялық БАҚ-қа сілтеме жасаған «Новый взгляд» басылымы неке қию рәсімі Италиядағы шағын провинция Форте-дей-Мармиде өткен. «Оларды некеге қала әкімі Умберто Буратти өзі тіркеді», деп жазады басылым.